Министр жылқылардың жаппай қырылуы туралы: Бұл - аудандық әкімдіктердің кінәсі

9 Маусым 2021, 23:17
Сурет: lada.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Маңғыстау облысында жылқылардың жаппай қырылуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Министр мұның әкімдіктердің кемшілігінен болғанын атап өтті.

Иә, бұл аудандық әкімдіктердің кемшілігі деп санаймын. Олар жағдайды министрліктен немесе облыстық әкімдіктен гөрі жақсы біледі. Егер олар алдын-ала дабыл қағып, қолдау шараларын ұсынған болса, біз, әрине, үкіметтен қазіргідей көмек көрсетер едік, - деп нақтылады министр.

Оның айтуынша, 600 мың тонна арпа төмендетілген бағамен облысқа жеткізіледі.

Әкімдік қосымша көлемде шөп пен жем-шөп сатып алу үшін қанша ақша қажет болатынын есептеп жатыр. Ол кейінірек, құжаттар дайын болғаннан кейін қаралады, - деп сөзін аяқтады ол.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?