Ақмола облысында мас жүргізуші алкотестерді шағып тастады

10 Маусым 2021, 09:53
Сурет: Pixabay

8 маусымда Аршалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Ольгинка ауылы бағытында Ерейментау ауданы жағынан жүргізушісі мас күйінде көлік келе жатқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Психобелсенді заттарды тұтыну фактісін және мас күйін анықтау бойынша медициналық куәландыру жүргізу үшін полиция қызметкерлері жүргізушіні тоқтатып, аудандық ауруханаға жеткізді.

"Мен мүлдем мас емеспін!" деп наразылық білдірген 31 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны медициналық мекемеге келген бойда аурухананың компьютерін сындырып, алкотестерді, сондай-ақ аурухананың басқа да мүлкін зақымдады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?