Шымкент денсаулық сақтау басқармасы басшысының экс-орынбасары үш жылға сотталды

10 Маусым 2021, 10:12
Сурет: shymkent.sud.kz

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Ернар Мырзақұлов үш жылға сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылдың басына дейін Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған Ернар Мырзақұлов қызмет бабын асыра пайдаланды және өтірік құжаттар толтырды деген айыптар бойынша сотқа тартылды. Іске төрт кәсіпкердің қатысты бары анықталды.

Сот анықтағандай, 2020 жылдың мамыр айында Мырзақұлов жалған құжаттарды қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарты бар медициналық техниканы жеткізушілерге 1 391 587 000 теңгені төлеуден бас тартты. Содан кейін, дәл осындай сомаға ол басқа кәсіпкермен басқа медициналық жабдықты жеткізуге келісімшарттар жасасты. Айыптау актісінде ол осылайша мемлекетке айтарлықтай шығын келтірген деп көрсетілген.

Әл-Фараби аудандық сотының баспасөз қызметі Мырзақұловтың кінәсі заңды күшіне енген сот актілерімен, сот-медициналық қорытындыларымен, жәбірленушілердің айғақтарымен, басқа да іс материалдарымен, сондай-ақ сотталушының өзінің мойындауымен дәлелденді деп хабарлады.

Айыптаушы тарап 2,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қорғаушы бас бостандығынан айыруға жатпайтын жаза тағайындауды сұрады.

Сот айыпталушының шын жүректен өкінетіндігін, асырауында төрт кішкентай баласының барын және оның денсаулық жағдайын сотталушының жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде мойындады. Сот кәсіби анттың бұзылуын ауырлататын мән-жайға жатқызды.

Осы жағдайлардың барлығын, сондай-ақ сотталушы жасаған қылмыстардың әлеуметтік қауіптілігін ескере отырып, сот оны үш жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сот оны өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?