Қазақстан COVID-19 ауруы бойынша "жасыл" аймаққа өтті

10 Маусым 2021, 10:14
Сурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы баяндады. Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады.

Қазақстан COVID-19 таралу қарқыны бойынша "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті. Бір апта ішінде сырқаттанушылық деңгейі 30%-ға, вирустың репродуктивтік индексі 0,84-ке дейін, инфекциялық төсек-орындардың жүктелуі 24%-ға дейін, реанимациялық төсек-орындардың жүктелуі 21%-ға дейін төмендеді.

"Қызыл аймақта" Нұр-Сұлтан қаласы, "сары аймақта" – 6 өңір: Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған 10 өңір – "жасыл аймақта".

Бүгінгі таңда 2,4 млн-ға жуық адам бірінші компонентті, 1,3 млн-ға жуық адам екінші компонентті алды.

Үкімет басшысы әкімдіктер мен Денсаулық сақтау министрлігіне жазғы кезеңде, әсіресе Маңғыстау, Ақмола, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында вакциналау қарқынын барынша арттыруды тапсырды.

Барлық деңгейдегі әкімдер вакциналау мәселелерін жеке бақылауға алуы тиіс, – деді А.Мамин.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?