Қазақстандықтар қырғыз еліне вакциналау төлқұжатын көрсеткенде кіргізіледі

10 Маусым 2021, 12:14
Сурет: zakon.kz

Қырғызстанға барған қазақстандықтаран вакциналау төлқұжаты сұралады, деп хабарлайды zakon.kz.

Елге кірудің жаңа ережелері бекітілді.

Sputnik Қырғызстан хабарлағандай, туристер Қырғызстанға құрлық көлігімен 11 маусымнан бастап, ал әуе көлігімен - 19 маусымнан бастап қатынай алады.

Қырғызстан аумағына келгенде туристтен сынама алынған сәттен бастап 72 сағаттан аспайтын ПТР-тестінің анықтамасы немесе коронавирусқа қарсы вакцина алғандығы туралы құжат болуы қажет (қағаз немесе цифрлы түрде).

Бұл талап 5 жастан асқан балаларға да қатысты.

Екпе алған туристер мен Қырғызстан азаматтары 19 маусымнан бастап әуе көлігімен, ал құрлықпен 11 маусымнан бастап қатынай алады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?