Алматы қалалық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы тағайындалды

10 Маусым 2021, 13:23
Сурет: gov.kz

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы Жанат Элимановтың бұйрығымен Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына Емберген Сәкенұлы Құдайбергенов тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол алдында 2020 жылдың ақпанынан бастап Жамбыл облысы бойынша ЭТД-нің басшысы болып қызмет еткен.

Емберген Құдайбергенов еңбек қызметін 1997 жылы ішкі істер органдарында бастады.

Әр түрлі жылдары қаржы полициясы органдарында, ҚР ІІМ-нің Қарағанды академиясында, мемлекеттік мүлікті басқару органдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?