БҚО-да полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

10 Маусым 2021, 14:53
Сурет: azattyq-ruhy.kz

28 жастағы полиция қызметкері Орал-Ақсай тас жолында болған жол апаты кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мой город" басылымының хабарлауынша, полиция қызметкері көлік тізгінінде болған. Облыстық ПД баспасөз қызметі мәліметінше, 9 маусымда сағат 19.45-те Орал-Ақсай тас жолының 25-ші шақырымында ВАЗ-2110 маркалы автокөлік аударылған.

Облыстық патрульдік полиция батальонының 28 жастағы офицері рөлге ие бола алмай, аударылған. Ол алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Оның жанында екі жолаушы болған, олар зардап шеккен жоқ, - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Полиция бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын жеткізді. Бір айға жетер-жетпес бұрын осындай оқиға Орал-Тасқала тас жолында болған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?