Түркістан облысы Ордабасы ауданына әкім тағайындалды

10 Маусым 2021, 15:12
Сурет: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысы әкімінің өкімімен және Президент Әкімшілігі мен Ордабасы ауданы мәслихаты депутаттарының келісімдері бойынша Бағлан Батыршаев Ордабасы ауданы әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жаңа әкімді аудан активіне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев таныстырып, алдағы мақсат-міндеттерін айқындап берді.

Бағлан Батыршаев 1976 жылы Ордабасы ауданында туған.

Білімі жоғары. 1999 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін инженер-экономист, 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану, 2014 жылы Алматы Менеджмент университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Тұрғын үй құрылыс банкінде менеджер болып бастаған.

1998-2019 жылдар аралығында "Казагроойл" ЖШС-нің қаржы директоры, Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласы әкімінің көмекшісі, ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары, "Қазтеміртранс" АҚ-ң басшысы, ҚР Премьер - Министрі Кеңесінің бас инспекторы, "ҚазМұнайГаз-Сервис NS" АҚ-ң бас директоры, "Оңтүстік" аймақтық инвестициялық орталығының басқарма төрағасы лауазымдарында еңбек еткен.

2011-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болған.

2020-2021 жылдары "Түркістан облысы әкімдігінің іс басқармасы" мекемесінің басшысы қызметін атқарған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?