Жамбыл облысы ЭТД басшысы тағайындалды

10 Маусым 2021, 15:22
Сурет: zakon.kz

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың бұйрығымен Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына Қайрат Сәлімұлы Бектембаев тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайрат Бектембаев еңбек жолын 1991 жылы бастап, 25-тен астам жыл бойы қаржы полициясы және мемлекеттік кірістер органдарында қызмет етті.

2019-2020 жылдары Қарағанды облысы бойынша ЭТД-де Басқарма басшысы қызметін атқарған.

2021 жылдың наурызынан бастап Түркістан облысы бойынша ЭТД басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?