Мұхтар Құл-Мұхаммед ЕО-ның Орталық Азия бойынша Арнаулы өкілімен кездесті

10 Маусым 2021, 15:32
Сурет: Е.Үкібаев

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Питер Бурианмен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұхтар Құл-Мұхаммед әңгіме барысында Еуропалық Одақпен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Еуропалық Одақ біздің сенімді стратегиялық әріптесіміз болып табылады. Біз шын мәнінде сенімді қарым-қатынас орнаттық, оны біз жоғары бағалаймыз, - деді сенатор.

Қазақстан мен ЕО-ның экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси өзара іс-қимылы мәселелері жөнінде де пікір алмасылды.

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің пікірінше, парламентшілер арасындағы байланыстарды үдету саяси диалогтың маңызды бөлігіне айналуы ықтимал. Ол Қазақстан Парламенті «Қазақстан-ЕО» парламенттік ынтымақтастық комитеті аясында Еуропалық Парламентпен сындарлы диалогты одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?