Мамин кризис менеджер бола алмады – cубъективті бағам

10 Маусым 2021, 16:01
Сурет: facebook.com

Азық-түліктің күн санап қымбаттап бара жатқаны анық! Оны күнделікті өзіміз де көріп-біліп, сезіп отырмыз. Үкімет дереу нақты шара қабылдамаса, мұның арты жалпыхалықтық наразылыққа ұласатыны да айдан анық. Және ол наразылықты ел билігі оңай баса алмайды. Наразылыққа мен де шығамын! Мен секілді мыңдаған адам көшеге шығуға дайын-ақ отыр, дейді желіде Нұргелді Әбдіғани.

Ал өтірік есептік цифрлармен елді бір, басшылығын екі алдап отырған Үкімет, сауда министрі Сұлтанов та, Үкімет басшысы Мамин де, басқа да жауапты министрліктердің басшылары да базарға барып, ел ішін аралап, аспандап тұрған бағаны өз көздерімен көрмегені түсінікті. Сондықтан Үкімет дереу шара қолданбаса, шудың көкесі болғалы тұр.

Екінші гәп:

Премьер-министр ол – "кризис менеджер" болуы тиіс. Асқар Мамин өзін ол тараптан көрсете алмады. Жұмыссыздық саны артты, денсаулық саласы күтпеген қиындықты көтере алмады, экономика тұралап қалды. Енді оған аспандап тұрған азық-түлік бағасын тағы қосыңыз. Демек, логикаға сай премьер-министрді ауыстырып, Үкіметті қайта жасақтау керек. Субъективті бағам: Үкімет басшысы ретінде Маминнің қолынан түк келмеді. Енді орнын босатуы тиіс, делінген жазбада.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?