Джо Байден әлемді "вакциналау жоспарын" жариялайды

10 Маусым 2021, 16:17
Сурет: Reuters

Сәрсенбі күні Еуропаға сапарына аттанғалы тұрған президент осылай деп мәлімдеді.

Байден осы сапары кезінде Үлкен жетілік, НАТО, Еуропа одағы саммиттеріне қатысып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу өткізеді, дейді centralasian.org.

Ұлттық қоғамдық радионың (NPR) президент Байден айналасындағы дереккөзге сүйеніп хабарлауынша, президент АҚШ билігінің Pfizer компаниясы шығарған 500 миллион доза вакцинаны әлем елдеріне беретінін жариялайды. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVAX бағдарламасы аясында таратады. Бұл бағдарлама вакцина сатып алуға қаражаты жоқ елдерге көмектесу мақсатын көздейді.

Президент Байденнің жоспары Құрама Штаттардың әлем елдерін вакциналау науқанына ықпалы артып келетінін көрсетеді, деп жазды NPR. Жақында Джо Байден вакцина сатып ала алмай отырған елдерге вакцинаның 80 миллион дозасын жөнелтуге уәде берген.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?