Желідегілер жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының сөзін қызу талқылап жатыр

10 Маусым 2021, 16:55
Сурет: stopfake.kz

Facebook қолданушылары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжановтың 9 миллион теңгеге дейінгі параны қылмыс деп танымауды ұсынғаны туралы "жаңалықты" қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

9 млн теңгеге дейінгі ақшаны сыйлық деп санау керек көрінеді. Алайда stopfake.kz мұның фейк мәлімет екенін хабарлайды.

Дереккөз – @kazinform24 сатиралық аккаунты. Бұл парақшада шынайы жаңалықтар жарияланбайды. Бұл туралы парақша профилінде көрсетілген: "Сатиралық контент. Фейк жаңалықтар", – делінген сипаттамада. Демек, Марат Ахметжановтың ұсынысы туралы ақпарат шынайы емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайтында мұндай жоспарлар туралы хабарламалар жоқ.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?