Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды

11 Маусым 2021, 09:16
Сурет: Хабар 24

"KazakhInvest", "Қазақстан Ғарыш сапары" және "KazakhExport" ұлттық компанияларында қоғамдық кеңестер құрылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің, "QazExpoCongress", "Қазгеология", "ҚазАвтоЖол", "Қазақстан Инжиниринг", "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы", "KazakhTourism", "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ұлттық компанияларының қоғамдық кеңестерін құру рәсімі жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қабылданған "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңға түзетулердің арқасында квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 13 Қоғамдық кеңес құрылуда. Олардың құрылуына мемлекеттік бюджеттің қаражаты жұмсалмайтындығын атап өту қажет.

"Қазақстан Ғарыш сапары" Ұлттық компаниясының қоғамдық кеңесінің құрамына 11 мүше сайланды, олардың 7 – еуі азаматтық қоғам өкілдері, олардың ішінде Мейірбек Молдабеков – профессор, ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық астронавтика және космонавтика академиясының академигі, Симбай Дүйсенов – Халықаралық байланыс академиясының академигі, Абзал Жамалов-профессор, "ЖҚЗ саласындағы компаниялар қауымдастығы" ЗТБ құрылтайшысы және басқалары.

"KazakhInvest" ұлттық компаниясының қоғамдық кеңесінің құрамына азаматтық қоғамның 9 өкілі кірді, олардың ішінде "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" ЗТБ өкілі Әліби Өтеулов, Қазақстан қаптаушылар қауымдастығының басқарма төрағасы Батырбек Әубәкіров, Қазақстандық автобизнес қауымдастығының вице – президенті Анар Мақашева, "Ұлттық корпоративтік басқару академиясы" РҚБ атқарушы директоры Лаура Шашпан және басқалары.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауында квазимемлекеттік секторда Қоғамдық кеңестер құру мүмкіндігін қарастыруды тапсырған.

ҚР Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылдың басында "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңға Қоғамдық кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін кеңейтетін, оларды квазимемлекеттік сектордың жұмысына тартуды көздейтін түзетулер қабылданды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?