Алматыда Сәтпаев пен Наурызбай батыр қиылысында жол жабылады

11 Маусым 2021, 09:41
Сурет: kaskelenec.kz

Алматыдағы Сәтпаев көшесі мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында бір күнге көлік қозғалысына шектеу болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сенбі, 12 маусымда таңғы сағат 9-дан бастап кешкі сағат 20-ға дейін Алматының Бостандық ауданындағы Сәтпаев көшесі мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында шығыс бағытта автокөлік қозғалысы шектеледі.

Осы көше учаскелерінің астында жатқан жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Бұл қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, аталған учаскені айналып өту жолдарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, дейді "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?