Өскемен тұрғынан қаламсап түріндегі қару тәркіленді

11 Маусым 2021, 17:45
Сурет: ШҚО ҚАЖД

Өскемен қаласының тұрғынынан оқ ататын қаламсап тәркіленді, деп хабарлайды zakon.kz.

Өскемен қаласының тұрғынынан қаламсап түріндегі тапанша тәркіленді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Ожықанова мәлім етті.

Айырыша режимдегі колония қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірге Өскемен қаласының 44 жастағы тұрғынын ұстады, ол қолдан жасалған қаруға ұқсас затты тапсырды.

Қаламсап ретінде жасалған шағын калибрлі атыс тапаншасы тәркіленді. Аталған факті бойынша сараптама тағайындалды, - деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД бастығы Жанболат Кәлетаев.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?