Санкция кесірінен 7,5 млрд долларынан айырылған ресейлік олигарх әділдік іздеп жүр

Владислав Шатило / РБК Владислав Шатило / РБК
АҚШ соты өзіне қарсы енгізілген санкция күшін жою туралы Олег Дерипасканың талап-арызын қанағаттандырмады.

Ресейлік кәсіпкер әрі миллиардер Олег Дерипаска өзіне енгізілген АҚШ санкциясының күшін жою үшін сотқа жүгінді, деп хабарлайды zakon.kz.

Америкалық сот оның бұл талабын қанағаттандырмады, деп жазады РИА Новости.

Сот ісінде АҚШ Қаржы министрлігі жауапқа тартушы деп жарияланды. Колумбия округінің аудандық сотының судьясы олардың өтінішін қанағаттандырып, істі жапты. Дерипасканың санкциядағы адамдар тізіміне енгізілуі волюнтаристік деп бағалаған адвокаттарының дәлелдерін судья қабыл алмады.

Сондай-ақ, сот Дерипаска адвокаттарының өз клиентіне не себепті санкция енгізілгенін, оған негіз егжей-тегжейлі детальдар түсіндірілмеуі, одан бас тартылуы оның құқығын бұзу болып табылатындығы туралы мәлімдемелерін қабылдамады. Судья кәсіпкердің іс жүргізу құқығы бұзылмаған деп санады. Сонымен қатар, талапкер АҚШ қазынашылығы Конгреске ұсынған "олигархтар тізіміне" өзінің енгізілуіне қарсылық білдірді, бірақ сот бұл наразылықты та қабыл алмады, өйткені, әділ қазының айтуынша, бұл тізім жеке-дара өз алдына санкциялыққа жатпайды.

Шешімге қарсы жоғарғы сатыдағы сотқа шағымдануға болады.

Дерипаска 2019 жылдың наурызында Вашингтондағы федералды сотқа АҚШ-тың Қаржы министрлігіне қарсы өзіне салынған санкцияларға тосқауыл қою туралы талап-арызбен жүгінді. Ол санкциялардың кесірінен байлығы 7,5 миллиард долларға дейін азайғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, кәсіпкер АҚШ Қаржы министрлігінің (OFAC) шетелдік активтерді бақылау басқармасын өзін заңсыз қудаладады деп айыптады.

2020 жылдың ақпанында Financial Times басылымында Дерипаска адвокаттарына OFAC-тың берген жауабының көшірмесі бар мақаланы жариялады. Бұл хатта санкция салудың алты себебі келтірілген, олардың барлығында "хабарламаға сәйкес" деген сөз бар. Бірақ дерек көзі ашық көрсетілмеген.

2018 жылдың сәуірінде АҚШ Дерипасканы және ол басқаратын компанияларды қара тізімге енгізді. Ал бұл тізімге енген адамдардың АҚШ-тағы активтері бұғатталып, олармен бизнес жүргізуге тыйым салынады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз