Жаңалықтар тізбегі
0

Экс-министрдің ағасы Нұрымбетов ісінің мән-жайы ашық айтылды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2021 23:32 zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегілер жылпос шенеунікті көбірек бақылаған сайын, олар әкімдіктің осы бөліміндегі мемлекеттік қылмыстардың кең масштабта қанат жайғанына қайран қалған.

11 маусымда Тараз қаласының No2 соты экс-еңбек министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетовке қатысты үкім шығарды. Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бұрынғы басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі істің егжей-тегжей мәліметімен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Құзырлы ведомства атап өткендей, процесс 10 айға созылды. Мемлекетке 54 миллион теңгеден астам шығын келтірген облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Нұрымбетов пен осы басқарманың бөлім басшылары сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін айыпты деп танылып, нақты мерзімдерге жазаға кесілді.

Тимуржан Нұрымбетов Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің назарына 2020 жылдың басында ілінді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың "Асыл-Терек" қоғамдық бірлестігіне деген оның "ашкөз қамқорлығы" барлық әдеп нормаларынан асып түсті. Онысы мемлекеттік тапсырыс көрсеткіштерінен бадырайып көрініп қалды. Өйткені зорайтылған бағаның көзге ілінуі мүмкін емес: 86 миллион теңге! Сонымен қатар, сатып алу тендер жариялаусыз бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегілер жылпос шенеунікті көбірек бақылаған сайын, олар әкімдіктің осы бөліміндегі мемлекеттік қылмыстардың кең масштабта қанат жайғанына қайран қалды. Сәйкесінше іс бойынша жаңа фигуаранттар көптеп пайда болып отырды. Осылайша басқармадағылар, әр жүргізілген тендерден 10-15 пайыз көлемінде откат алып отыратыны айқындалды, - деді аймақтық Антикор.

Олар 11 сәуірде Тимуржан Нурымбетов "GT Asyl-Tirek" ЖШС директоры Ғалымжан Сарымсақов аударған 9 миллион теңгесін пара ретінде алу кезінде ұсталды деп хабарлады.

Бұл ұтып алынған тендердің, біз айтып отырған 10 пайыздық "откаты" еді. Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері басқарма басшысымен бірге делдал әйел - облыс әкімдігінің мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің бастығы Нұрзипа Романованы ұстады. Тергеу соты алдын-алу шарасы ретінде екеуіне де үй қамаққа алуға санкция берді. Осы ірі көлемдегі парақорлық пен алаяқтық ісі бойынша үш айлық тергеу сотқа табысталып, ол 10 айға созылды. Бір сот бастап, екіншісі оны аяқтады, - дейді ведомствадағылар.

Ірі көлемде пара алды (құны 44 млн теңгеден астам), бір топ болып бірнеше рет пара алуға тырысқан, алаяқтық жасап, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталған Тимуржан Нурымбетов 10 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық жолмен алынған мүлкі тәркіленуге жатқызылды. Сонымен бірге ол ақшаны заңдастыру (жылыстату) айыбы бойынша ақталды.

Өте үлкен көлемдегі алаяқтық әрі пара алуда делдалдық танытты деп айыпталған Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің бұрынғы бастығы Нұрзипа Романова сегіз жылға, облыстық әкімдіктің мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс бөлімінің бастығы Аида Өтеулина, (бұл ханымдар біраз жеңілдіктер алды) бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Жеке кәсіпкер Ғалымжан Сарымсақов пен "Қамқор Күш" мүгедектер қоғамының өкілі Қанат Мұстафаға ірі көлемде алаяқтық жасады, пара беруде делдалдық жасады және ірі көлемде пара алды деп айыпталды. Сарымсақов мүлкі тәркіленіп, сегіз жылға, Мұстафа жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Барлық сотталушылар өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан айырылады. Олар үшін жазаны жеңілдететін мән-жай кінәсін ішінара мойындау болып саналды, олар үшін ауырлататын жағдай - төтенше жағдай кезінде қылмыс жасау.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: