Жаңалықтар тізбегі
0

Қанша малдың қырылғаны белгісіз – депутат Жаңбыршин

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2021 17:06 Ж.Құспанов
Бір түк шөптің бағасы 17 мың теңге болса, бір келі арпа бағасы 95 теңгеге жетті.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Еділ Жаңбыршин Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының ауыл шаруашылықтарына қиындық туғызып отырған мәселелерді көтерді, деп хабарлайды zakon.kz.

Депутаттың айтуынша, әсіресе, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында ата-бабамыздан қалған асыл мұраның бірі – төрт түлік малды ұстап отырған шаруашылықтар мен тұрғындар аса ауыр жағдайда. Елде орын алған су тапшылығы мен қуаңшылық жайлымдық жерлердің жағдайын кетірді. Осы жағдай тиісінше малдың шығынына әкелді. 2020 жылы Маңғыстауда 4883 мал басының өлімі тіркелсе, биыл бірінші тоқсан қортындысы бойынша 1332 бас мал өлген. Бұл мәлімет тек сырғаланған, тіркелген мал шығыны бойынша ғана, ал, облыстағы малдың 56% құрайтын қалың бұқараның қанша малы қырылғаны белгісіз. Мұндай жағдай Қызылорда облысында да тіркеліп, 481 бас мал өлген. Осындай жағдай мал азығының бағасын еселеп көтеріп жіберді. Маңғыстауда бір түк шөптің бағасы 17 мың теңге болса, бір кг арпаның бағасы 95 теңгеге жетті. Ал, көршілес Ақтөбе облысында сол бір түк шөп 4 мың теңге тұрады. Бағаны көтеріп отырған жол шығындары және осыдан пайда көріп қалайын деп отырған делдалдар.

Осы зауалдың кесірінен қаншама отбасы ауыр жағдайға ұшырады, қаншама шаруашылық жер сипап қалды?! Оның есебі бар ма? Осындай жұтта халыққа қалай көмек береміз?!

Әрине, халық бірінші кезекте Парламентке, Үкіметке арқа сүйейді.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылық министрлігі және жергілікті атқарушы билік жем-шөп жеткізу, қаржы бөлу сияқты шараларды іске асыруда. Алайда, бұл көмектер барлық мал шаруашылықтары мен жеке адамдардың мал басын қамтымай және жеткізіліп отырған азықтың бағасы қол жетімді болмай тұр.

Жалпы болып жатқан жағдай, әр өңірдің ерекшеліктерін ескерген, ғылыми зерттеулерге негізделген еліміздің мал шаруашылығын дамытуға және оның азығын дайындауға арналған жүйелі-жоспарлы жұмыстың жоққа жақын екенін айқын көрсетіп отыр. 21 ғасырда космосты игеріп, Австралия мен Канадан асыл тұқымды мал алдырып, дүниенің бәрін цифрландырып жатқанда, малға азық тауып бере алмай жатқанымыз өте ұят! Қазақ атымызға сын емес пе?

Осыған орай азаматтарға көмек көрсету мақсатында және мал басын аман алып қалу үшін келесі шараларды тез арада атқару қажет деп есептейміз.

1. Қалыптасқан жағдайларға байланысты жұт жайлаған нақты аудандар мен аймақтарда шұғыл түрде жерглікті дәрежедегі төтенше жағдай жарияланып, оларға тиісті бюджеттік көздерден және материалдық қорлардан нақты көмектер көрсетілуі тиіс;

2. Зардап шегіп жатқан аудандарға мал азығын жеткізу үшін көрші облыстардан тасымалданатын мал азығының жол шығындарын субсидиялап, тиісті әкімшілік-басқару шараларын іске асыру қажет;

3. Қуаңшылықтан қиындық көріп отырған өңірлерге басқа облыстардан тез арада мал жаюға және мал азығын дайындауға жер телімдері уақытша пайдалануға берілсін.

4. Мұндай жағдай алдағы уақытта орын алу ықтималдығын ескеріп, атқарушы билік өз тарапынан мал шаруашылығымен айналысатын тұлғаларға жедел көмек көрсету, сақтандыру, аймақ аралық қатынастарды жүйелеудің нақты, кешенді механизмдері мен алгоритмдерін жасақтауы тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: