Жаңалықтар тізбегі
0

Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратында балалардың қауіпсіздігі мәселесі қаралды

иллюстрация үшін алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2021 18:28 иллюстрация үшін алынды
Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа, балалар саудасына қарсы іс-қимылдарды, сондай-ақ, балалар үйлері мен интернаттарда тиісті жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау мәселелері қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауында балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударуды, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты тергеліп жатқан әрбір істі бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды", делінген Ақорда хабарламасында.

Осы бағыттағы жұмыстардың қазіргі жағдайын талқылау және оны жетілдіру шараларын әзірлеу мақсатымен Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен кеңес өтті.

Жиынға Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Ішкі және Сыртқы істер, Әділет, Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері қатысты.

Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа, балалар саудасына қарсы іс-қимылдарды, сондай-ақ, балалар үйлері мен интернаттарда тиісті жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты жанынан балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу және жолын кесу жөніндегі барлық уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру үшін тұрақты ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілік құқығына қарсы қылмыс жасағаны үшін жазасын өтегеннен кейін түрмеден босатылған адамдарды бақылауға және есепке алуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдарға қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: