Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық вакциналау төлқұжатын мойындайтын елдердің аты аталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2021 21:25 zakon.kz
Қазір үш мемлекет вакциналау төлқұжатын екіжақты форматта тануға ниет білдірді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үш ел, атап айтқанда Моңғолия, Венгрия және Тайландтың вакциналау төлқұжатын екіжақты форматта тануға ниет білдіргендерін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Қазір үш мемлекет вакциналау төлқұжатын екіжақты форматта тануға ниет білдірді. Олар - Моңғолия, Венгрия, Таиланд. Екпе төлқұжаттарын өзара тану туралы өтініш білдірді, біз қазір олармен жұмыс істеп жатырмыз, - деді Цой.

Сонымен қатар, оның айтуынша, барлық елдердің вакциналау төлқұжатын мойындайтын Түркия мен Кипр де қатар ниет танытып отыр.

Яғни, қазір зерттеу жүріп жатыр. Сыртқы істер министрлігі барлық вакциналарды өзара тану бойынша барлық серіктес елдермен тікелей жұмыс істейді. Бұл - вакциналау төлқұжаттары. Бірақ бұған қарамастан, бұл мәселеге қатты алаңдаушылық танытудың қажеті жоқ, өйткені қазір кез-келген елге қолыңыздағы ПТР-тест анықтамасы бойынша баруға болады. Сондықтан, егер ПТР-тесті нәтижесі теріс шығып жатса, шетелдерге жайбарақат бара беруге болады. Сондықтан бұл жерде ешқандай проблема болмауы керек, - деп сендірді мирнистр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: