Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-тың бұрынғы президенті Байден мен Путиннің кездесуіне қатысты пікір білдірді

Reuters/Carlos Barria / Известия/Кристина Кормилицына, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2021 16:45 Reuters/Carlos Barria / Известия/Кристина Кормилицына
АҚШ-тың бұрынғы президенті оның әкімшілігі Ресейге қарсы көп санкция салғанын еске түсірді.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Джо Байден мен Владимир Путиннің саммитіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Жалпы, меніңше, түк те болған жоқ, бұдан ештеңе шықпады деп ойлаймын. Біз Ресейге жоғары мінберді ұсындық, бірақ одан ештеңе тапқанымыз жоқ. ... Менің ойымша, бұл Ресей үшін жақсы күн болған шығар, нәтижесінде одан біздің не алғанымызды түсінбедім, - деді Трамп Fox News телеарнасына берген сұқбатында.

Джо Байден бастаған АҚШ-тың қазіргі әкімшілігі, республикашының пікірінше, Ресейдің "Солтүстік ағын 2" газ құбырын салуына кедергі келтірмеген.

Сондай-ақ Трамп Ресейге салынған санкцияларды алып тастағысы келетіндігін айтты, өйткені орыс-американ ынтымақтастығы екі жаққа да тиімді болуы мүмкін.

Путин туралы айтқанда республикашыл саясаткер "онымен шынымен де өте жақсы тіл табыса алғанын" атап өтті. Сонымен бірге, Трамп " өзінен басқа Ресейге қатысты көп қаталдық танытпаған адам болмағанын" баса айтты.

АҚШ-тың бұрынғы президенті оның әкімшілігі Ресейге қарсы көп санкция салғанын еске түсірді.

Мен сол сакцияларды жою идеясын ұнатамын. Егер олар өзін қолға ала алса, оларды жоюға қуанышты болар едім, - деді Дональд Трамп.

Америка Құрама Штаттары мен Ресей арасындағы қарым-қатынас туралы айта отырып, республикашыл саясаткер "бұл керемет болуы мүмкін" деп атап өтті.

Екі ел арасы жақсарса, ол шынымен де өзара тиімді болуы мүмкін, - деді Дональд Трамп.

Сонымен бірге ол Ресейдің АҚШ-пен экономикалық ынтымақтастық құруға мүдделі екендігіне сенімді екенін жеткізді.

Оларда бар нәрсенің барлығы бізге керек. Ресурстарды өндіру тұрғысынан өте құнды территориялар, тағы көптеген жақсы нәрселер бар. Көп жақсы дүниені жүзеге асыруға болар еді, - деді Дональд Трамп.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: