Сағынтаев субұрқақтағы оқыс оқиғаға қатысты пікір білдірді

21 Маусым 2021, 09:41
Сурет: facebook.com/Zhanna Assanova

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев субұрқақтағы оқыс оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Цирктегі субұрқақта қыздар және біреуінің анасымен орын алған қайғылы оқиғаны полиция тергеп жатыр. Мұндай жағдай болмауы керек. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін, - деп жазды ол өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетсек, 20 маусымда әлеуметтік желіде Алматыдағы көшедегі субұрқақта екі қыз бен бір әйелді электр тоғы соғып, өліп қала жаздағандары белгілі болды. Оқыс оқиға Қазақ мемлекеттік циркі ғимаратының жанында болған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?