1,7 млн қазақстандық толықтай екпе алған

21 Маусым 2021, 11:43
Сурет: zakon.kz

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстандағы вакциналау процесіне тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ПТР тестілеудің мүмкіндігі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8 есеге өсіп, тәулігіне 123 мың тестке дейін жеткен.

Бүгінгі күні бірінші компонентті шамамен 2,8 миллион адам, екінші компонентті - 1,7 миллион адам салдыртты, - деді үкімет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Ол дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бір сәтке тоқтамас үшін 38 позиция бойынша 6 млрд теңгенің екі айлық көлемінде дәрі-дәрмек қоры құрылғанын мәлімдеді.

Бүгін, 21 маусымда Парламент Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарайды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?