Тұлпар-Тальго Өскеменнен Нұр-Сұлтан мен Алматыға күн сайын жүреді

22 Маусым 2021, 12:45
Сурет: kt.kz

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Өскемен-1" және "Алматы-2 – Өскемен-1" жолаушылар пойыздарының бұрынғы кестесін қалпына келтірді, деп хабарлады акционерлік қоғамның баспасөз қызметі.

ҚР Ведомствоаралық комиссиясының 2021 жылғы 16 маусымдағы шешіміне және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2021 жылғы 18 маусымдағы хатына сәйкес келесі жолаушылар пойыздарының жүру жиілігі артады:

• 23 маусымнан бастап №68/67 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Өскемен-1" пойызы аптасына 1 рет қатынаудың орнына күн сайын жүретін болады;

• №351/352 "Алматы-2 – Өскемен-1" күнара қатынаудың орнына күн сайын жүретін болады"

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық өзекті ақпаратты "105" нөмірі арқылы, Bilet.railways.kz сайтынан және "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның әлеуметтік желідегі аккаунттарынан алуға болады.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы жолаушылардан коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты теміржол билеттерін Bilet.railways.kz сайты арқылы немесе "ҚТЖ билеттері" мобильдік қосымшасында белгіленген тәртіпте онлайн ресімдеуге, сондай-ақ вокзалдардың маңында және пойыздың ішінде маска режимін сақтауға шақырады.

Аталған пойыздардың кестесі өткен жылдың 2 қарашасында өзгерген еді. Кесте бойынша қатынау жиілігінің қысқаруы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралармен байланысты болған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?