Жайылым жер үшін екі шаруа жаға жыртысып жүр

22 Маусым 2021, 15:45
Сурет: видеодан кадр

Алматы облысында жер теліміне қатысты дау басылар емес. Екі шаруа қожалығының арасындағы іс сотқа дейін жеткен. Бірі егін ексе, енді бірі онда мал жаяды екен. Қанша ескерткеніммен, елеусіз қалдырып ескі әдетіне басады деген шаруа, маңайды айналдыра қазып тастаған, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Жер үшін талас-тартыс мұнда биыл ғана басталмаған. Қасымбек ауылының маңайындағы тау бөктеріндегі алқапқа шаруалардың бірі егін ексе, екіншісі мал бағуды кәсіп етіп келеді екен. Алайда, төрт түлік еккен дәнді-дақылға ауыз салып жыл сайын зардабын тартқызатын көрінеді. 33 гектар жері бар көршіме қанша ескертсем де, ескі әдетіне басуын жалғастырып жүр дейді, шаруа Тельман Мамедхасинов.

Тельман Мамедхасинов, шаруа:

Ол жерін жалға береді. 400 қой ұстаған жалға алушылардың бірі жайылым жетпеген соң менің жеріме малын айдады. Қанша рет әкімдікке де, полицияға да арыздандым. Келіп, жер иесі Нұрәділмен сөйлесіп, ескерту жасайды. Бірақ одан шыққан қорытынды жоқ.

Тельманнан бөлек мұнда тағы бір шаруа қожалығының иесі малдың егістікке кіріп, енді шығып келе жатқан өнімді таптап кетенін жеткізді.

Әділет Алишев, шаруа:

Егін егеміз күздік. Соны біздің күздік егін арқылы жайылымға айдайды күзде. Сентябрь, октябрь айында егілген күздіктен кейін. Сондай проблемалар бар. Ол енді мұндай мал ұстайтын болса ондай проблема бола береді.

Жер иесі Нұрәділ Рахметолламен Тельман Мамедхасиновтың арасындағы жағдайдан жергілікті әкімдік те хабардар. Бірнеше рет бұл мәселе төңірегінде сөйлесіпті. Алайда, айтылған сөз сол жерде қалып қойғандай. Тіпті, 33 гектар жерге қанша мал ұстауға рұқсат бар дегенге былай деп жауап берді.

Асқар Байболат, Жамбыл ауданы Жер қатынастары бөлімінің басшысы:

Заң бойынша орташа алғанда бір малға 3 гектардан деп есептеген негізінде. Түсіндіру жұмысын жүргізгенбіз келіп. Бір, екі рет келіп айтылған. Акимат тарапына да шақырып сөйлескенбіз.

Ал, Нұрәділ Рахметолла қазіргі уақытта ешқандай малы жоғын айтып, қора-жайды жалға бергенін хабарлады.

Нұрәділ Рахметолла, шаруа:

Қазіргі жағдайда менің шаруа қожалығымда ешқандай мал жоқ. Менің шаруашылығымның қора жайын бір кәсіпкер жігіттер алып, Құрбан айт мерекесіне мал бордақылап, қой даярлап жатыр. Ол малдар шықса да, өз шаруа қожалығымының ортасындағы көлден су ішеді. Қайта қораға келеді.

Төрт түлік мал бастаған ісінің берекесін алған соң Тельман Мамедхасинов егіннің айналасын қазып тастаған. Бұған Нұрәділ Рахметолла заңсыз деп даурыққан екен. Алайда, заңгерлер бәрі талапқа сай дейді.

Нұржан Мақсатов, заңгер:

Қазылған арығы өзінің жеке территориясында қазылған. Ешкімге де, шаруа қожалығы Нұрәділ айтқандай, басқа да үшінші тұлғаларға зиян келтірмейді. Біріншіден айтып кететінім сол. Екіншіден, бұл қазылған арықтың заң жүзінде Жер кодексіне сәйкес қарама қайшылық жоқ.

Бір-бірімен осы уақытқа дейін бітімге келмеген қос шаруаның арасындағы дауға енді заң жүзінде нүкте қойылмақ. Өйткені, осы уақытқа дейін нәтижелі өнім ала алмай, қып-қызыл шығынға баттым деген шаруа сотқа арыз түсірген.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?