Антикор АӨК-тегі субсидиялау саласына сыртқы талдау жасады

22 Маусым 2021, 16:23
Сурет: видеодан кадр

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау мақсатында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 5 сыртқы талдау жүргізіп, аяқтады. Оның ішінде 3 Агенттіктің тапсырмасына сай және 2 бастамашылық талдау жасалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы "ANTIKOR.LIVE" жобасы аясында тікелей эфир барысында департамент басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин хабарлады.

Бүгінгі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдын алу жұмысының негізгі құралдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша талданатын объектілердің қызметінде бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды, оның ішінде ұйымдастыру-басқару қызметінде және салалық НҚА-да оларды жою (барынша азайту) туралы ағымдағы жылы 96 ұсыным енгізілді, оның ішінде 34-і орындалды. Барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындысы бойынша анықталған тәуекелдерді жою бойынша жоспарлар жасалды, деп атап өтті Жігер Байділдин.

Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына ауқымды талдау жүргізуді бастайды.

Бұл жұмыстың мақсаты – субсидияларды алу үшін өтінімдерді тапсыру сәтінен бастап, оны берудің ашық, әрі әділ жүйесін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.

Ол үшін барлық нормативтік құжаттар, өңірлерде субсидиялар берудің тәжірибесі, қылмыстық істер мен сот шешімдері, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шағымдары мен өтініштері талданатын болады.

Халықпен кездесіп, жағдайды зерделеу үшін арнайы топтардың өңірлерге шығуы ұйымдастырылады.

Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын алу үшін taldau@antikor.gov.kz электрондық поштасы, сондай-ақ +7 778 668 99 20 WhatsApp нөмірі жұмыс істейді.

Жұмыс тобының өкілдеріне "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының филиалдары мен еліміздің барлық өңірлеріндегі Агенттік департаменттерінің Antikor-орталықтары арқылы жүгіну мүмкіндігі де қарастырылған.

Барлық проблемалық сұрақтар мен бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жоғарыда көрсетілген байланыс арналары арқылы хабарласуды сұраймыз.

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ынтымақтастыққа және барлық бейжай қарамайтын азаматтарды қатысуға шақырады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?