Қазақстан мен Қытай шекарасында белгісіз аурудан мал жаппай қырылып жатыр

23 Маусым 2021, 09:44
Сурет: wikimedia.org

Шығыс Қазақстан облысының Шілікті ауылында белгісіз аурудан малдар қырылып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Мамыр айында жергілікті тұрғындар 100 бас қойынан айырылған еді. Ол кезде ветеринарлар бәрін жем-шөптің жетіспеушілігімен түсіндіріп, құтылған. Бірақ кейінірек зертханалық зерттеулер өлген қозылардың денесінде анаэробты интертоксинді анықтады. Қазір ауру малға жаппай тарап жатыр.

Шілікті ауылы Қазақстанның Қытаймен шекаралас орналасқан. Шалғайдағы ауылда адамдар тек малмен күн көреді. Бірақ осы көктемде кейбір шаруа қожалықтарында барлық жас мал белгісіз ауру кеселінен қырылды. Айболат Лекеров 150-ден астам қозыдан айрылды. Ветеринарлар бқған басты себеп - жем-шөптің жетіспеушілігі екенін айтты. Бірақ тексеру нәтижелері бұл болжамды жоққа шығарды.

Зертханалық зерттеулердің нәтижелері шықты. Олар аштықтың оған ешқандай қатысы жоқ екенін дәлелдеді. Жануарлардың денесінен инфекция табылды. Қазіргі уақытта төлдер арам өлгенін қойған, бірақ, есесіне ересек қойлар ақсай бастады. Карантиндік шаралар қабылданбағанына алаңдаймыз. Ауру таралуы мүмкін, - дейді шаруа қожалығының өкілі Айболат Лекеров.

Басқа шаруа қожалықтары қазір малға қауіп төніп тұрғанын растайды.

Соңғы бір айда бұл фермада 10 сиыр ауырып үлгерді. Белгілері өлген қозылардікімен бірдей. Ауыз қуысындағы шырышты қабық бұзыып, жаралар пайда болады. Салдарынан жануар өздігінен тамақтана алмайды. Ауыл тұрғындары бұл ауру адамдарға да қауіпті деп алаңдайды.

Барлық сипатына қарасаң, бұл аусыл ауруына ұқсас. Сілекейдің көп бөлінуі, ауыз қуысының жаралары. Барлық мал азап шегуде. Бұл сиырдың бұзауы болуы керек еді, бірақ түсік тастады. Біз өзіміз емделуге тырысамыз, инъекция жасаймыз. Біздің қолымыздан басқа ештеңе келмейді, - дейді шопан Айдос Мәдиев.

Ветеринарлар барлық жағдайды біледі. Қазірдің өзінде бірнеше тексеру жүргізілді. Қажетті үлгілер алынды. Көктемде өлген ірі-қара малда анаэробты интертоксиннің болуы расталды. Бірақ фермерлерге өтемақы төленбейді, ондай қарастырылмаған.

Бұл ауру мемлекет өтейтіндердің тізімінде жоқ. Бұл арада үлкен қауіп жоқ, бірақ сақтық шаралары кедергі болмайды, - дейді Зайсан аудандық ветеринария қызметі директорының орынбасары Қымбат Еңсебаев.

Ветеринарлар әліптің артын бағып отырғанда ауру өршіп жатыр, - дейді жергілікті тұрғындар. Олардың айтуынша, қазірдің өзінде көрші шаруа қожалықтарында малдардың қырылу фактілері тіркелген. Көбі жайлауға бара алмайды, инфекцияның таралуынан қорқады. Олар өз проблемаларымен бетпе-бет жалғыз қалдық деп шағымданады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?