Қырғызстанда жемқорлықпен күрес қызметі жойылады

23 Маусым 2021, 16:16
Сурет: Temir Sydykbekov (RFE/RL)

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Жемқорлықпен күрес қызметін таратқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының айтуынша, тиісті жарлық дайын болып қалды.

Жапаров 23 маусымда бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесті. Ол құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерге көп кедергі жасайтынын сынап, кезінде қаржы полициясының шағымның көбеюіне байланысты жойылғанын еске салды. Оның айтуынша, мұндай шешім кәсіпкерлерді қорғау мақсатында қабылданған. Сонымен бірге президент арнайы қызмет құрамындағы жемқорлықпен күрес қызметін таратқысы келетінін, оның орнына Жемқорлыққа қарсы іскерлік кеңес құрылатынын мәлімдеді.

2020 жылғы қазан оқиғасынан соң мемлекеттік "Эркин-Тоо" газетінде биліктен кетіп бара жатқан президент Сооронбай Жээнбековтің Жемқорлықпен күрес қызметін тарату туралы жарлығы жарияланған, бірақ бұл құжат президент сайтына шықпады.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Жемқорлықпен күрес қызметі 2011 жылы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев билігі кезінде құрылған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?