"Nur Otan" партиялық тізімі бойынша Нұрлыбек Ожаев Мәжіліс депутаты болды

23 Маусым 2021, 16:43
Сурет: Nur Otan

"Nur Otan" партиялық тізімі бойынша Нұрлыбек Ожаев Мәжіліс депутаты болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Саяси кеңес бюросының қаулысымен Парламент Мәжілісі депутатының "Nur Otan" партиялық тізімі бойынша мерзімінен бұрын зейнетке шыққан Қанат Мусиннің мандаты Нұрлыбек Ожаевқа берілді, делінген партияның хабарламасында.

Нұрлыбек Ожаев әр жылдары келесі қызметтерді атқарды:

2006 жылдан 2009 жылға дейін - Атырау қаласы әкімі аппаратының жетекшісі;

2010 жылдан 2013 жылға дейін - "Аджип ККО" компаниясының еңбек заңнамасы нормаларын қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі;

2013 жылдан 2014 жылға дейін - Атырау облысы Исатай ауданының әкімі;

2014 жылғы маусымнан 2009 жылғы шілдеге дейін - Атырау қаласының әкімі;

2016 жылдың шілдесінен бастап - "Nur Otan" партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?