Босаңсуға әлі ерте - Тоқаев елдегі эпидахуал жайында

23 Маусым 2021, 17:29
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың әлі де күрделі екеніне назар аударды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, Қазақстанның "жасыл" аймақта тұрғанына қарамастан, босаңсуға әлі ерте, коронавирустың үндістандық түрінің біздің елімізде де болуы ықтимал.

Осыған байланысты Президент санитарлық-эпидемиологиялық шектеулердің жиі бұзылып жатқанын және халықты вакциналау қарқынының бәсеңсіп қалғанын айтты.

– Әкімдер азаматтарға екпе салу науқанынан шеттеп қалған сияқты. Әлеуметтік нысандардың, бизнес кәсіпорындардың және жалпы елдің экономикасы вакциналаудың сәтті жүргізілуіне тікелей байланысты екенін түсіну керек. Қазір жаппай вакциналау науқаны әкімдер жұмысының ең маңызды міндеттерінің қатарында болуы қажет. Сіздер барынша белсенділік танытып, азаматтарды вакциналау науқанына өздеріңіз жетекшілік етулеріңіз керек, – деді Президент.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?