Тоқаев шенділердің жемқорлығы жайында: Арам ой емес, жәй қателікке бой алдырса...

23 Маусым 2021, 17:46
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге өз аймақтарындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды. Ал жемқорлыққа қарсы күрес қызметке өздеріне жүктелген міндетке сергек қарағаны жөн екендігі ескертілді, деп хабарлайды zakon.kz.

– Бұған дейін айтқанымдай, егер мемлекеттік қызметші бюджет қаржысын жымқыруды немесе пара алып баюды көздемей, шешім қабылдау кезінде қателікке жол берген болса, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек. Әйтпесе, мемлекеттік аппараттың берекесін кетіреміз. Сыбайлас жемқорлыққа саналы түрде барған шенеунік қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс, – деді Президент
.

Мемлекет басшысы өткен жылыту маусымы барысында болған оқыс оқиғалар, өрт және технологиялық апаттар мәселесіне баса мән берді. Президент төтенше жағдайлардың салдарын жедел жою жұмыстарын қамтамасыз ету жөнінде түбегейлі шаралар қабылдаудың қажеттігіне назар аударды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?