ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып Қуаныш Ерғалиев тағайындалды

23 Маусым 2021, 19:47
Сурет: ПМ

ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып Қуаныш Ерғалиев тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев ҚР білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды, делінген primeminister.kz сайтында.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2006 жылы С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университетін тәмамдаған. 2009 жылы АҚШ-тағы Тулейн университетінде магистр дәрежесін алды. 2019 жылы Гарвардтың Т. Х. Чан атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде "Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау докторы дәрежесін алды.

2006 жылы еңбек жолын денсаулық сақтау жүйесінен бастады.

2010 жылдан 2014 жылға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде әртүрлі қызметтерде, соның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет етті.

2014-2019 жылдары Назарбаев Университетінде жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Сүлейман Демирел атындағы (СДУ) университет ректоры болды.

Қуаныш Асылханұлы Министрлікте жоғары білім және ғылым мәселелеріне жетекшілік ететін болады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?