Өткен тәулікте КВИ мен пневмониядан сегіз адам көз жұмды

24 Маусым 2021, 09:54
Сурет: ca-portal.ru

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 24 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстандағы коронавирус инфекциясына байланысты статистикамен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ондағы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте COVID-19-дан жеті адам, КВИ белгілері бар пневмониядан бір адам қайтыс болды.

24 маусымдағы жағдай бойынша, 22 098 адам КВИ-ден ем-дом алуды жалғастырып жатыр (20 828: КВИ + және 1 270: КВИ -), оның 6 588-і стационарда, ал 15 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.

КВИ + және КВИ - науқастар арасында:

- ауыр жағдайда - 408 науқас;
- өте ауыр күйде - 95;
- жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар - 72.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?