Есеп комитетіне жаңа мүше сайланды

24 Маусым 2021, 11:00
Сурет: inform.kz

Сенаттың жалпы отырысында бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жаңа мүшесі сайланды. Бұл ретте Нұрлан Нұржанов лайық деп танылды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Нұрлан Амангелдіұлы - жоғары санатты мемлекеттік аудитор. Қаржылық бақылау және мемлекеттік аудит саласында халықаралық сертификаты бар, Есеп комитетінің белсенді мүшесі. Сенат төрағасының ұсынысы негізінде Қаржы және бюджет комитеті Нұрлан Нұржановты Есеп комитетінің мүшесі етіп тағайындауды ұсынады, деп мәлімдеді Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина.

Нұрлан Нұржанов 1975 жылы 8 сәуірде дүниеге келген. Қазтұтынуодағының Қарағандыдағы ​​экономикалық университетін бітірген. 1997 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.

Ол 2016 жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін Есеп комитетінде республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау бойынша жұмыс істеген. Оның басшылығымен 13 аудиторлық іс-шаралар өткізілді, 10 нормативтік-әдістемелік құжаттар әзірленді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?