Алматыда тағы да 100 теңге үшін төбелес болды

24 Маусым 2021, 11:38
Сурет: видеодан кадр

Бұл жолы дау "Бақорда" сауда кешенінде туындады. Автотұраққа кіреберісте тұрған жігіттер жүргізушіден 200 теңге талап еткен, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның себебі терминалдың істен шығуымен байланыстырған. Дегенмен жүргізуші 100 теңге төлегенін айтып, қондырғының істен шығуы өздерінің мәселесі екенін жеткізеді.

Осы кезде ерегес туындап, ақша алып тұрғын жігіттердің бірі былапыт сөздер айтып, қол жұмсауға тырысқан. Жанжалдың видеосы әлеуметтік желіге жарияланды. Полиция оқиғаның Алатау ауданындағы базарлардың бірінде болғанын растады. Жанжалдасқандарды да анықтаған. Бірақ тараптар арыз жазудан бас тартыпты, дейді "Еуразия" бірінші арнасы.

Естеріңізге сала кетсек 30-наурыз күні дәл осындай оқиға "Алтын орда" базарында тіркелген болатын. Онда жүргузіші мен ақша жинайтын азамат 100 теңге үшін жанжалдасып, соңы төбелеспен аяқталған болатын. Бір біріне қарсы шағым түсірген тараптар артынша татуласып тарқасқан еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ALMATY_KRIS_P|21+???????? (@almaty_kris_p)


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?