Ішкі істер министрлігіне қандай реформа керек?

24 Маусым 2021, 15:52
Сурет: 7152.kz

Қазақстан халқының құқық қорғау органдарына, әсіресе полиция деген сенімі жоқ. Жүргізілген сауалнамалардың нәтижесі осындай. Сондықтан ІІМ жүйесін реформалау біздің қоғам үшін ең қажетті шара екені даусыз. 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы аяқталуға да жақын қалды. Алайда, бұл картаның кемшін тұстары көп. Дегенмен, кебір сарапшылар оны әлемдегі озық тәжірибені енгізу ескере отырып толтыруға болады, деп есептейді.

Атап айтқанда, біздің ішкі істер министрлігіне, яғни мәдени-тарихи жағдайымызға жақын реформаның тәжірибесіне сүйену керек. Әсіресе, бізге осы саладағы қайта құруды сәтті жүзеге асырған бірқатар кеңестік елдердің тәжірибесі үлкен қызығушылық тудырып отыр. Оның үстіне, олардың көпшілігінде бұл реформалар дамыған батыс мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, солардың ерекшелігін ескере отырып жүргізілді. Біз де ішкі істер министрлігін жаңғыртубойынша сол бұрыннан негізі қалғанған жобаның бәрі болмаса да, ішінара тиімті тұстарын пайдалана аламыз.

Осылайша, Молдова ішкі істер министрлігін реформалау ЕО, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі, ЕО-ның шекаралық бақылауға жәрдемдесу жөніндегі миссиясы және басқа да халықаралық ұйымдар ұсынымдарын ескере отырып әзірленген реформаның арнайы тұжырымдамасы негізінде жүзеге асырылды. Ондағы Ішкі істер министрлігін жаңғырту(модернизациялау) Еуро Одақтан келген транштардың есебінен орындалды. Нақтырақ айтсақ, Молдовадағы ішкі істер министрлігінің реформасы 2010 жылдан кейін басталды. Оған Молдава полициясының жұмысында адам құқықтарының бұзылу дерктерінің көбейіп кеткендігі себеп болды. Оны Еуропалық сот анықтаған. Ішкі істер министрлігін жаңғыртуға осы сот шешімі түрткі болғаны анық. Осы реформалардың нәтижесінде ішкі істер министрлігінде тек "полиция функциясымен" айналысатын полиция басқармасы пайда болды.

Сонымен қатар, қылмыс пен құқық бұзушылықпен айналысатын қылмыстық қудалау бөлімі құрылды. Молдава полициясы демилитаризациядан кейін азаматтық салаға жақындай түсті. ІІМ-нің өзінде саяси функциялары бар "шенсіз" адамдар жұмыс істей бастады. Молдова полициясы "адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау автоматты түрде мемлекет пен қоғам мүддесін қорғауға әкеледі" деген қағиданы енгізді.

2019 жылдың маусымынан бастап, Латвия Ішкі істер министрлігі жүйеге көшті. Яғни, жаңа реформамен жұмыс істей бастады. Ол бойынша елде халықтың ұсыныс-пікіріне, талап арызына бірден жауап беретін, тергеу жүргізетін және қылмысты алдын-алумен айналысатын "әмбебап полиция қызметкерлерін" енгізу жоспарланған болатын. Яғни, Латвия полициясында тек "полиция" элитасына ғана орын бар. Осы мақсатта латвиялық полицейлер мемлекеттік полиция колледжінде 1-ші деңгейдегі жоғары кәсіби білім алатын болады. Сондай-ақ, полицияның міндеттері аймақ пен учаске деңгейінде қайта қаралды. Латвия тергеушілерінің айлық жалақысы аудан прокурорының айлық жалақысымен тікелей байланысты етіп қойылды.

Бізгеде Эстония ішкі істер министрлігін реформалау тәжірибесіне сүйенуге болады. 1990 жылы Эстонияда милициядан полицияға ауысу басталды. Бұл мәселені оларөз қалауымен жүргізді. Эстония полициясының реформасы "әскери емес полицияның" финдік моделіне назар аудара отырып жүзеге асырылды. Яғни полиция "мемлекетті қорғайтын" қауіпсіздік күшіне емес, "азаматтарға қызмет көрсететін" ұйымға айналды. Мәселен, Эстонияда азаматтар полицияның веб-сайтында сұраулар жасай алады. Өзінің әкімшілік немесе қылмыстық ісінің қалай қаралып жатқандығын қадағалай алады. Ал, полицияда жұмыс істеу үшін арнайы білім алу міндеттелді.Бұл ел ең алдымен, "ашылған қылмыстардың статистикасы бойыншаполицияның жұмысын билік бағалайтын" кеңестік қағидаттарданбас тартты.

Эстонияда полиция мен басқа да күш құрылымдарының қызметін, ең алдымен, қарапайым адамдар бағалай бастады. Қазір Эстония полициясына деген сенім деңгейі шамамен 90% құрайды. Ал, бізде бірден "бастық" болғысы келеді. Эстонияда халыққа жақын, құқық бұзушылықтың алдын ала білетін полиция басшылары мен қызметкерлерін көбейтудің орнына азайта бастағаны тіптен қызық. Ал, полицияның экономикалық істері басқа мемлекеттік органдарға берілді. Осылайша, 17 полиция префектурасының 4-і қалды, бірақ оларда жұмыс істейтін полиция қызметкерлері өздерінің тікелей функцияларын орындай бастады. Сәйкесінше эстондық полицейлердің жалақысы мен әлеуметтік қамсыздандыру көлемі едәуір арта түсті.

Көптеген сарапшылар ең тиімді реформалар Грузияда өтті деп санайды. Оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресшаралары себепкер болған. Құқық қорғау органдарын реформалау әдістемелік нұсқаудың негізінде жазалаушы құрылымнан қызмет ұйымдарына айналды. Грузия полициясын реформалаудың ең бір маңызды құрамдас бөлігі ретінде төзімділік пен қайырымдылықты дамытуға баса назар аударды. Яғни, адамдардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнауына күш салды. Мәселен, полиция кішігірім құқық бұзушылықтар үшін ауызша немесе жазбаша ескертулермен шектелді.

Грузияда барлық полиция бекеттерінің қабырғасы әйнектен салынған. Жұртшылық сырттан-ақ, іштегі жұмыс барысын бақылай алады. Бұл елде полицияның қызметі мен заңдылығын сақтау мақсатында жұмысқа заң білімі бар, тиісті дайындықтан өткенадамдарды ғана тартты. Оған қоса, олар батыстық сарапшылардың қатысуымен жасалған психологиялық тестке қатысады. Соның нәтижесінде интеллектуалдық деңгейі жоғары, психологиясы тұрақты, қандай да бір агерессияға қарсы тұра алатын қызметкерлер алуға мүмкіндік туды.

Реформа кезінде Грузия полициясы қызметкерлерінің жалақысы бонустарды, медициналық сақтандыруды, қайтыс болған немесе жарақат алған кездегі сақтандыруды қосқанда 15-40 есеге өсті. Бұл Грузия полициясында сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне, азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға ұмтылған адамдар арасында осы кәсіптің мәртебесінің өсуіне септігін тигізді.

Десе де, Грузияда "реформа бір адамның еркіне негізделді" деген пікір бар.Ол кезде "заң нормалары өзгертілмей тұрып, көбіне мәселелер заңнаманы айналып өтіп шешілетін". Мәселен, Украинада Ішкі істер министрлігін модернизациялау осы шараны негізгі орындаушыларының кесірінен ұзаққа созылды.

Украинаның "Ұлттық полициясы туралы" заңға сәйкес, Ішкі істер министрі тек құқық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатпен, ал Ұлттық полиция басшысы - полицияның жұмысымен ғана айналысуы керек. Бірақ бірқатар сарапшылар мойындағандай, билік органдарының көпшілігі ІІМ министрі А. Аваковқа әлі де жабық және бұл реформаны бейресми болса да, бір адамның еркіне тәуелді етеді.

Ұлттық полицияның бұрынғы басшысы Хатия Деканоидзе Украинаның Ішкі істер министрлігін реформалаудың сәтті жүргізілгендігіне күмәнмен қарайтындығын жеткізді. Осы жазда Переяслав-Хмельницкийде мас полицейлер бес жасар баланың өліміне кінәлі болуына байланысты Аваковтың отставкаға кетуден бас тартқанын айтты. "Менің ойымша, бұл ешқандай реформа емес, өйткені кез-келген аяқталмаған реформа - жартылай фабрикат, ол реформа емес", - деп қатал түрде атап өтті.

Бірақ мұндай жол Қазақстанға мүлдем керек емес. Себебі бұл жүйе тұйыққа тіреуі мүмкін. Өйткені біздің қоғамда заңдар кейде бейресми нормалармен, ережелермен ауысады. Оған дәстүрлі мәдениет те әсерін тигізіп жатады. Бәріне белгілі Кеңес Одағын Сталин басқарған тұста қазақ зиялыларытұтастай саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Сол кезде Қазақстанда 11 лагерь болған. Содан бері қоғам бұл салаға абайлап қарайтын болған. Мұндай бейресми "жүйеде" "полицейлерге" немесе полиция қызметкеріне пара беру, шын мәнінде, жемқорлық әрекеті емес, мәдени көзқарас ретінде бағаланады.

Осының бәрін ескере отырып, ең алдымен, біздің құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік-мәдени құндылықтарын қайта керек. Яғни жаңғырту керек. Көптеген сарапшылар біздің ішкі істер министрлігі бұрынғы кеңестік стандарттар мен қағидаттар бойынша жұмыс істеп келеді, деп бекер айтпайды. Шынында да, осы уақытқа дейін біздің қазақстандық "жедел-іздестіру қызметкерлері", "тергеушілер"- кеңестік жазалау жүйесіндегі типтік портрет Глеб Жегловқа ұқсайды.

Кейбір зерттеушілербіздің құқық қорғау органдарында дегуманизация пен зорлық-зомбылық кең таралған деп атап көрсетеді. Кеңес кезіндегідей, қоғамдағы зорлық-зомбылық пен агрессияның жоғары деңгейде сақталуының көрінісін біздегі еңбекпен түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларынан байқауға болады. Біздесотталушылар мен тұтқындар үшін қатал кеңестік тәжірибелер сақталып қалды.

Ендігі жерде біздің мәдениеттегі қылмыстық "ұғымдарды" ескере отырып, гуманизм, заң үстемдігі және адам құқықтары құндылықтарын енгізуді бастау керек. Ал, Грузиядағы бас бостандығынан айыру орындарының бәріеуропалық стандартқа сай келеді.Ондағы тұтқындар да осы талапқа сай ұсталады. Бүгінде Грузияның ішкі істер министрлігі кеңестік жүйеден әбден ажырап, өз жолын салды. Жасалған түрлі тәжірибелер құқық қорғау органдарын реформалаудың және құқықтық қоғам мен мемлекеттің дамуының ажырамас бөлігіне айналды.

Жоғарыда келтірілген тәжірибеден басқа, Қазақстанда ішкі істер министрлігінде демократияны дамыту үшін біздің құқық қорғау жүйесіндегі міндеттер мен қызметтерді бір жерден ғана басқармау керек. Оны қайта бөліп беру керек. Бірқатар зерттеушілердің айтуынша, осыған дейінгі орталықтандыру жүйесі толыққанды сот пен қоғамдық бақылаудың жоқтығынан соңғы 40 жыл бойы Қазақстанда өзгермей кеңестік мұрадай болып қалды.

Құқық қорғау жүйесіндегі жаңа жүйе барысында полиция тек өздерінің басшыларына ғана емес, сонымен қатар өз облыстарының, аудандарының, қалаларының тұрғындарына есеп беруі керек болады. Ең алдымен ішкі істер министрлігіне реформа жасау біздің азаматтарымыздың полицияға деген сенімін арттыру үшін қажет.Халық оларғаөздерінің қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғайтын құрылым ретінде қарайты көзқарас қалыптасуы тиіс.

Бұрынғы кеңестік бірқатар елдердің тәжірибесі ішкі істер органдарының қызметіне азаматтық бақылауды күшейту азаптауды, зорлық-зомбылықтын және сыбайлас жемқорлықты азайтуға көмектесетінін көрсетіп отыр. Бұл ІІМ жүйесіне ғана емес, бүкіл мемлекеттік билікке деген сенімді күшейтеді.

Фархад Касенов, A+ Analytics зерттеу орталығының жетекшісі


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?