Алматыда жыл соңына дейін екі метро бекеті ашылады

25 Маусым 2021, 15:33
Сурет: inbusiness.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына жауап бере келіп, метро құрылысының қарқыны туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Сағынтаевтың айтуынша, метро құрылысының мерзіміне пандемия ықпал етті, соның салдарынан жұмысшылар мен мамандардың жұмысқа шығуы шектелді және шекара жабық болды.

Метроның бірінші желісінің екінші кезеңінің екінші іске қосу кешенінің құрамына енетін "Сарыарқа" және "Достық" бекеттері ұзындығы 3,1 км метро желісін қамтитын құрылыс жалғасуда. Қазір мұндағы дайындық 80%-ды құрайды. Жыл соңына дейін трафикті тестілік режимде іске қосу жоспарлануда, – деді Сағынтаев.

Бұрын хабарланғандай, 3,1 км метро желісі Абай даңғылы бойымен Алтынсарин даңғылынан батысқа қарай Момышұлы көшесіне өтеді.

Қазіргі кезде бекеттерді ішкі әрлеу, аумақты абаттандыру, сыртқы және ішкі инженерлік желілер мен автоматика жүйелерін жабдықтау, сигнал беру және байланыс, технологиялық жабдықты (тартқыш-төмен түсіретін қосалқы станция, жол қозғалысын басқару жүйесін автоматтандыру, желдету және т.б.) орнату жұмыстары жүруде.

Аталған бекеттерден өзге 2020 жылы ұзындығы 2,5 шақырымға созылған Қалқаман бекеті және жұмыс істейтін тоннельдерді қамтитын Алматыдағы метрополитеннің екінші кезеңінің үшінші іске қосу кешенінің құрылысы басталды, оның құрамына Алматы метрополитенінің екінші кезеңінің Қалқаман бекеті және ұзындығы 2,5 км тоннельдер енеді.

- Екі бекет іске қосылса, онда жолаушылар ағыны тәулігіне 86 мың адамға артады деп болжануда, - деді әкім.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?