Қазақстанда радио қызметкерлері күні пайда болуы мүмкін

25 Маусым 2021, 15:59
Сурет: kazan.ru

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Өз құттықтауында Президент радио қызметкерлері күнін белгілеу туралы ұсыныс жасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала, "Халықтың көзі, құлағы һәм тілі" ретінде елге адал қызмет ету – әр журналистің абыройлы міндеті екенін атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен жөн деп санайтынын жеткізді.

Соңғы кезде радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ екені жиі айтылып жүр. Мен Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен жөн деп санаймын, - деді Президент өз құттықтауында.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?