Нұр-Сұлтанда COVID-19-ға қарсы екпе алғысы келетіндер қатары күрт артты

25 Маусым 2021, 17:13
Сурет: Нұр-Сұлтан әкімдігі

Елорда тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцина алу үшін БМСК мекемелерінде орналасқан егу пункттерінде, сондай-ақ СОО мен қаланың сауда үйлерінде таңертеңнен бастап кезекте тұр. Бір тәулік ішінде Нұр-Сұлтанда екпе алғысы келетіндер саны екі еседен астам өсті, деп хабарлайды zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордадағы коронавирусқа қарсы вакцинация пункттерінде жұрт кезекке тұруда. Мұндай жағдай қала емханаларында да, ірі сауда орталықтарында да байқалады. Отбасыларымен келіп жатқандар да бар. Осылайша өзін де, жақындарын да қауіпті індеттен қорғай алады.

Мәселен, 25 маусымдағы мәлімет бойынша Нұр-Сұлтанда вакцинаның бірінші компонентін 195,7 мың адам алды. Ал бір тәулік ішінде вакцинацияланғандардың саны екі еседен астам өсті.

"Біз отбасымызбен вакцинацияланғанымызға біраз уақыт болды. Вакцинация міндетті болуы керек деп есептейміз, әйтпесе пандемияны ешқашан жеңе алмаймыз. Сол себепті вакцина алудан қорықпауға және қайта өзін қорғауға шақырамыз. Кез-келген сауатты адам вакцина алуы керек, бұл адам денсаулығы мен өмірін сақтау үшін қажет. Вакцинация ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және карантинге дейінгі қалыпты өмірге оралуға көмектеседі", - деп атап өтті елорда тұрғындары.

Қала тұрғындары арасында "Дельта" штаммы пайда болғаннан кейін вакцина алу шешімін қабылдағандары да бар:

"Ауырып жұмысынан қалып, денсаулығына қауіп төндіруді ешкім қаламайды. Қазір вирустың қауіпті жаңа штамдары пайда болды. Бұл вакцина оларды жеңуге көмектеседі. Ал жұқтырған жағдайда оңай өткеруге әсер етеді".

Еске сала кетейік, елорда әкімі Алтай Көлгінов вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны өтетінін хабарлаған болатын. Оған вакцинаның бірінші компонентін 25 маусым мен 31 тамыз аралығында алған азаматтар қатыса алады.

Сондай-ақ, елорда кәсіпкерлері қала тұрғындарын ынталандыру үшін вакцина алғандар арасында бағалы сыйлықтар ұтысын өткізіп жатыр.

Мысалы, "Азия Парк", "Mega Silk Way", "Сарыарқа", "Абу-Даби Плаза", "Керуен", "Еуразия" СОО-ларында тұрмыстық және компьютерлік техника секілді бағалы сыйлықтар ойнатылып, жеңілдік купондары сыйға беріледі. Бұл акцияға "Мечта" электроника және тұрмыстық техника дүкендерінің сауда желісі де қосылады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?