Алматыда үш көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

25 Маусым 2021, 17:25
Сурет: riastrela.ru

Алматыда үш көшеде ішінара көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды zakon.kz.

25 маусымда 22:00-ден 26 маусымда 9:00-ге дейін (жұмадан сенбіге дейін) Бостандық ауданында Сәтпаев көшесі бойында Байтұрсынов көшесінен Масанчи көшесіне дейінгі шығыс бағыттағы аралықта, сонымен қатар Жетісу ауданында Райымбек даңғылының бойында батыс бағытта Казаков көшесінің алдында.көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

27 маусымда 22:00-ден 28 маусымда 10:00-ге дейін (жексенбіден дүйсенбіге дейін) Бостандық ауданында Сәтбаев пен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында ішінара көлік қозғалысына шектеулер енгізіледі.

Ал 28 маусымда (дүйсенбіде) 9:00-ден бастап 1 шілдеде 9:00-ге дейін Әуезов ауданында Момышұлы көшесі бойында Елемесов пен Марғұлан көшелері аралығында оңтүстік бағытта көліктер үшін жол жабық болады.

Уақытша шектеулер аталған көше жолының астынан өтетін жылу желілеріндегі шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізілді, - деп хабарлады "Алматы жылу желілері" ЖШС.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?