Шымкенттік әйелдер мінезді күйеулері үстінен полицияға жиі шағымданатын болған

25 Маусым 2021, 17:32
Сурет: polisia.kz

Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған шымкенттік әйелге көмектесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, 2021 жылдың 25 маусымында Шымкент қаласы полиция департаменті Жедел басқару орталығының “102” нөміріне жергілікті тұрғын арызданған. Әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын айтқан.

Аталған факт бойынша Еңбекші аудандық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары Ақмарал Төреханқызы мен Жұлдыз Тасқұлова отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдің үйіне барып, психологиялық көмек көрсетті. Тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтарға байланысты ҚР-ның (Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы) заңына сәйкес, егер жәбірленуші әйел өзін қорғауға арыз жазатын болса, құқықбұзушыға қатысты нұсқама шығады. Яғни, ол адам профилактикалық есепке қойылады.

Профилактикалық есепке қойылғаннан кейін, арыз түскен адамға 30 күн бойы профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Оның үйіне учаскелік полиция инспекторы ұдайы барып, тексеріп тұрады. Профилактикалық әңгімелер жүргізеді. Егер құқық бұзушы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзатын болса, онда жәбірленушінің арызы бойынша ол жауапкершілікке тартылатын болады, - дейді полициядағылар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?