"Серпін" түлектері СҚО-дағы жаңа зауыттарға жұмысқа орналастырылып жатыр

25 Маусым 2021, 18:08
Сурет: СҚО әкімдігі

"Серпін" түлектері Солтүстік Қазақстан облысының жаңа зауыттарына жұмысқа орналастырылып жатыр. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Елбасының бастамасымен 2014 жылдан бері облыста "Серпін" бағдарламасы жүзеге асып келеді. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық тарихындағы әлеуметтік-саяси маңызы бар жобалардың бірі.

7 жылда өңірге оңтүстік облыстардан 2 мыңнан аса қыз-жігіт келді. Олар жатақханамен қамтамасыз етілді, тегін әрі сапалы білім алуда. Бүгінде 1 мыңға жуық бала диплом алды. Серпіндіктерді еңбекпен қамту үшін көмек көрсетіледі. Университет түлектерінің 92%-і облыста қалып, жұмысқа тұрды.

Мысалы, биылғы жылдың түлектері өңірде жаңа ашылып жатқан кәсіпорындарға жұмысқа орналасуда. Жаңа электртехникалық зауытына 31 серпіндік жұмысқа алынды. 4 түлек "CLAAS" ауыл шаруашылығы техникасы зауытына қабылданды. Түлектер ауыл шаруашылығы, құрылыс, энергетика, білім беру, темір жол салаларының дамуына өз үлестерін қосуда.

Серпіндіктердің облыста қалып, елге қызмет етуіне бар жағдай жасалуда. "Серпін" түлектері солтүстікте шаңырақ көтеріп, отбасы құрып жатыр. Жас жанұяларда 10 кішкентай азамат дүниеге келді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?