Мұсабаевтың өкілі саябақтағы даулы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

28 Маусым 2021, 09:22
Сурет: ratel.kz

Талғат Мұсабаевтың өкілі "сенатор аутизммен ауырған балаға тап берді" деген айыптауына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Талғат Мұсабаев аутизммен ауыратын балаға тап берді-мыс" деп БАҚ құралдары таратқан долбар шындыққа сәйкес келмейтінін және бұл мәлімет заң тұрғысынан бағалауды қажет ететіндігін мәлімдейміз. Мұсабаевтың тарапы бұл негізсіз айыптауға құқық қорғау органдары назар аударуы қажет деп санайды, - деді С.З.Нұрмағамбетов.

Сондай-ақ ол "мұндай ақпаратты қоғам назарын аудару үшін үшінші тарап қолдануы мүмкін" деп атап өтті.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары сенатор Мұсабаев пен итін серуендеуге алып шыққан Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Алина Нұртастың арасына жанжал туындағаны туралы хабарлаған. Бойжеткен итінің тұмсыққабы болмағаны үшін сенатор саябақта өзіне жұдырығын ала жүгіріп, бір қойғанын айтқан. Сондықтан да оның айтуынша, оқиға орнына полиция шақырылған, содан кейін барып, дүрдараз болған адамның белгілі саясаткер екенін бір-ақ білген. Мұсабаев өзіне тағылған айыпты негізсіз деп атады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?