Жаңалықтар тізбегі
0

Сүйіскендердің суреті: Ұлыбританияның денсаулық министрі отставкаға кетті

TWITTER, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2021 16:27 TWITTER
Жұма күні Sun газетінде 6 мамырдағы фотосуреттер жарияланды, онда үш баланың әкесі, 42 жастағы Хэнкок пен оның көмекшісі, үш баланың анасы, миллионер Оливер Трестің 43 жастағы әйелі Джина Коладанджело Денсаулық сақтау министрлігі ғимаратының бір бөлмесінде құшақтасып, сүйісіп тұр.

Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Мэтт Хэнкок өзінің көмекшісімен жақын қарым-қатынасының болуы және оны департамент кеңесіне тағайындауына байланысты туындаған жанжалдан кейін отставкаға кетті, деп хабарлайды zakon.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі видео хабарламасында мәлімдеді.

Айта кетсек, желіде министр әлеуметтік арақашықтық талабын бұзып, өзінің көмекшісі Джина Коладанджеломен сүйіскен суреттері жарияланған болатын. Осыдан кейін Хэнкоктың басы дауға қалды. Қоғам тарапынан қысым күшейіп, тіпті кейбір депутаттар Ханкокты пандемия кезінде өзі насихаттаған шараларды бұзғаны үшін қызметінен кетуге шақырды.

Бүгін мен премьер-министрмен кездесіп, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қызметінен кететінімді жарияладым ... Мен отставкаға кетуім керек, - деді Хэнкок.

Денсаулық сақтау министрі премьер-министрдің атына жолдаған ресми хатында өз отбасы мен балаларына көбірек уақыт бөлуі керектігін жазыпты.

Бәрінен бұрын қазіргі уақытта жеке өмірімдегі дағдарысты еңсеру үшін барлық күш-жігерімді салуды қалаймын. Ережелерді бұзғаным үшін тағы да кешірім сұрағым келеді, отбасымнан және жақындарымнан - осының барлығын бастарынан өткеруге мәжбүр болғандары үшін кешірім сұраймын. Дәл қазір мен балаларымның қасында болуым керек ... Мен отставкаға кетуім керек, - деп атап өтті министр.

Жұма күні Sun газетінде 6 мамырдағы фотосуреттер жарияланды, онда үш баланың әкесі, 42 жастағы Хэнкок пен оның көмекшісі, үш баланың анасы, миллионер Оливер Трестің 43 жастағы әйелі Джина Коладанджело Денсаулық сақтау министрлігі ғимаратының бір бөлмесінде құшақтасып, сүйісіп тұр.

Алайда, Хэнкоктың бұған дейін Коладанджелоны басында жеке көмекші ретінде жалдап, кейіннен оны Денсаулық сақтау министрлігінің кеңесіне дейін тағайындауына байланысты жанжал өршіді. Оппозиция Ханкокты салық төлеушілердің ақшасын ысырап етті деп айыптап, Джонсонның отставкаға кетуін талап етті

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: