Қостанай облысында жол апатынан үш жасөспірім опат болды

28 Маусым 2021, 12:55
Сурет: Қостанай облыстық ПД

Қостанай облысында жол апатынан үш жасөспірім опат болды. Екеуі - 14 жаста, үшіншісі - 17 жаста, деп хабарлайды zakon.kz.

Алау порталының хабарлауынша, 26 маусымда Қостанай-Қарабұтақ тасжолында Renfult-Sandera автокөлігін тізгіндеген 36 жастағы әйел алдындағы жүк көлігін басып озамын деп қарсы бағытта келе жатқан Lexus көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Renfult-Sandera көлігіндегі кәмелетке толмаған үш жолаушы көз жұмды, екеуі - 14 және біреуі - 17 жаста. Сол көліктің жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушысы жарақат алды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?