Атырауда Корей елі азаматы шешесінен балағаттаған танысын пышақтады

28 Маусым 2021, 13:11
Сурет: polisia.kz

Атырауда Корей Республикасының азаматы анасын балағаттаған танысын пышақтап тастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, Атырауда Корея елінің азаматы өзінің тұрғылықты мекен-жайында танысымен ішімдік ішкен. Араларында кикілжің туындап, екеуі өзара сөзге келіп қалған. Әлгі танысы 45 жастағы ер адамның анасын балағаттап, оған тіл тигізеді. Сол кезде ашуланған айыпталушы үйіне жүгіріп кіріп, пышақ алып қайта шыққан. Қолындағы пышақты танысына сұғып, дене жарақатын салған. Жәбірленуші аман қалды.

Күдікті ер адам өз кінәсін толығымен мойындады. Айыпталушыға сот үкімімен ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, төрт жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Одан жәбірленушілерге өтемақы қорына 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мәжбүрлі төлем өндірілді, - деді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?