Матвиенко Назарбаевты Астана күнімен құттықтады

28 Маусым 2021, 17:38
Сурет: Елбасы сайты

Нұрсұлтан Назарбаев РФ Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында Елбасы Қазақстан мен Ресей арасындағы барлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Ресей біздің жақсы көршіміз ғана емес, сонымен бірге стратегиялық серіктесіміз. Бұл сапарыңыз - парламентаралық байланыстарды дамыту ғана емес, сонымен қатар мемлекетаралық қатынастарды нығайту, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Валентина Матвиенко Нұрсұлтан Назарбаевты келе жатқан 6 шілде - Астана күнімен және осы жылы атап өтілетін Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойымен құттықтады.

Сіздерді келе жатқан мереке - Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жас Қазақстанның жаңа астанасын құруға Сіздің тікелей қатысыңыз бар. Биыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтіледі. Осы 30 жыл қас-қағым сәт секілді өте жылдам өтті. Қазіргі кезде Қазақстан - посткеңестік кеңістіктегі ең тиімді мемлекеттердің бірі. Сіз дамыған мемлекеттік институттары мен өркениетті нарықтық экономикасы бар тәуелсіз егеменді елді құрдыңыз. Осы жолды тиімді жүріп өтті әрі бүгіндері Қазақстан өзінің аты, өз заты, ішкі және сыртқы саясаты бар әлемдік қоғамдастық алдында беделді мемлекет болып табылады, - деді Федерация Кеңесінің төрағасы.

Валентина Матвиенко, әсіресе Елбасының Қазақстан-Ресей қатынастарының қалыптасуы мен дамуындағы рөлін ерекше атап өтті.

Сіз әрқашан Ресей-Қазақстан қатынастарын құрып, жаңғыртудың нық ізбасарысыз. Себебі бұл Қазақстанның стратегиялық, геосаяси және ұлттық мүдделеріне сәйкес келді. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында біз мемлекетаралық қатынастарды құрудың тиімді жолынан өттік, сөйтіп өзара тиімді, тең құқықты, өзара сыйлас ынтымақтастықтың тиімді моделін жасадық, - деді Федерация Кеңесінің төрағасы.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?