Қостанайда ковид карточканы қолдан жасаған фельдшер мен медбике ұсталды

29 Маусым 2021, 09:47
Сурет: Vласть

Қостанайда жұмысқа орналасу үшін басқарманың лауазымды тұлғаларына 1000 доллар ұсынған медбике ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

“Ол қаладағы модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына жұмысқа орналасу үшін ақша ұсынған әрі денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына пара беруге көндірген. Сонымен қатар жедел жәрдем көрсету бекетінің фельдшері де күдікке ілікті. Ол айлығына үстеме ақша алу үшін пара беріп, басшылыққа қол қойдырып келген" деп хабарлайды Астана ТВ.

Рүстем БОЛАТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

- Ол Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының осы облыстық жедел шұғыл медициналық станциясы басшылығы жалақысына үстемеақы алу үшін ковидтік карточкаларға қол қойғаны үшін 2 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейін пара беруге көндірген болатын.Тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтауда түпкілікті шешімді сот қабылдайтын болады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?