Алматыда баласын сатқан жұпқа қатысты тың мәлімет жарияланды

29 Маусым 2021, 09:54
Сурет: pixabay.com

Алматыда Өзбекстаннан келген ерлі-зайыптылар өз баласын сатпақшы болды. Олар сәбиді Жамбыл облысында тұратын әйелге саудалаған. Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі зерттеу жүріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Астана ТВ-ның мәліметінше, бұл жұп 2019 жылы тұңғыштарын да осындай жолмен сатып жіберген болып шықты. Қазір ол бала қандай отбасында тәрбиеленіп жатқаны белгілі болды.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Осы жұп 2019 жылы дәл осындай тәсілмен бірінші балаларынан құтылғаны белгілі болды. Ол кезде де балаларын бөтен біреуге сатып жіберген.Қазір бала тәрбиеленіп жатқан отбасы анықталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, ел аумағында адам саудасын ауыздықтау, азаматтарды құлдықта ұстауды болдырмау мақсатында ұйымдастырылған жедел-профилактикалық "STOP трафик" шарасы кезінде осындай 56 қылмыс анықталды. 2 тұрғынды бостандығынан заңсыз айырып жұмысқа салу және 2 адам саудалау қылмысы тіркелген. Оның екеуі де кәмелетке толмаған жеткіншектер. "Қылмыстың алдын алу шаралары әлі жалғасуда", - дейді мамандар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?